29
сәуір
2026
Ecers -3 шкаласы бойынша “Бөлмедегі еркін ойындарды бағалау”
Ecers -3 шкаласы бойынша “Бөлмедегі еркін ойындарды бағалау” тақырыбында өткен қалалық семинарда Ecers-3 шкаласы бойынша бағалау туралы әдіскер Калыкова Е.Р айта келіп, аталған жүйе әлемнің көптеген елдерінде балабақша ортасының дамытушылық деңгейін, тәрбиелеу мен оқыту сапасын анықтау мақсатында қолданылатындығын айтты. Бұл Ecers-3 шкаласы балалардың дамуына қолайлы жағдай жасау деңгейін анықтап, педагогтардың жұмысын жетілдіруге бағыт береді. Ecers-3 баланың қауіпсіз, қолайлы және жан-жақты дамуына бағытталған орта қалыптастырудың маңызды құралы болып саналатындығына тоқталды. Балабақшада бөлме ішінде ойналатын еркін ойындардан бірнеше үзінді көрсетілді. Семинарға қатысушылар көрсетілген еркін ойындар бала танымына, тіл дамуына, шығармашылығына, физикалық қабілеттерін арттыруына ықпал ете отырып, қауіпсіз, қолайлы, қолжетімді ортаның қалыптасқандығын атап өтті.
![]() | ![]() | ![]() | ![]() | ![]() | ![]() | ![]() |






