19
февраль
2025
Қазақ тілі онкүндігі
Қазақ тілі іс-әрекетін маман өзінің кестесіне сәйкес өткізеді, ал қалған уақытта қазақ тілін күні бойы тәрбиешілер өткізеді. Сондықтан балаларға қазақ тілін үйрету мәселесіне мектепке дейінгі ұйымның басшысынан бастап әдіскер, барлық педагогтер мен ата-аналарды тарта отырып, ықпалдастықта ұйымдастыру қажет. Сол үшін онкүндіктің аясында барлық педагогтермен «Тіл үйренудің қызықты әлемі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде қазақ тілін үйрету үшін қолайлы орта құруға, мемлекеттік тілді үйрену бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруға қазақ тілі маманы Калжанова Г.Н. өз кеңестерін ұсынды, және де педагогтер тіл үйретуді күнделікті қандай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырып жатқандарымен бөлісті
![]() | ![]() |