14 наурыз "Көрісу күні"
«Көрісу күні – амандықтың белгісі» Мақсаты: Балаларды Көрісу күні дәстүрімен таныстыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысы: 1. Кіріспе: Тәрбиеші балаларға Көрісу күні туралы қысқаша түсіндіреді. – Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, амандасып, жылы тілектер айтады. 2. Амандасу дәстүрі: Балалар жұптасып: – «Жасың құтты болсын!» – «Бір жасыңмен!» деп қол алысып, көріседі.